Ссылки доступа

Роскомнадзор тәжіктің "Азия плюс" сайтын бұғаттады


Роскомнадзор "Азия плюс" жағалықтар порталын Ресей аумағында тыйым салынған сайттар тізіміне енгізді.

Байланыс, ақпараттық технология және бұқара коммуникация салаларын бақылау жөніндегі федералдық қызмет (Роскомнадзор) 26 шілдеде "Азия плюс" ақпарат агенттігін бұғаттады. Бұл туралы Азаттық радиосының тәжік қызметіне портал редакторы Зебо Тажибаева хабарлады.

"Біз бұғаттау себебін білгіміз келген, сол кезде біздің қызметкердің бірінің поштасына "Роскомнадзордан" келген қатты ашып оқыдық. Онда өткен жылы Худжандта өзіне қол жұмсаған әйел туралы ақпарат атап өтілген", - деді редактор.

Тажибаеваның айтуынша, сайт Соғды тұрғыны өзенге ағып өлгені туралы шағын ақпарат жариялаған, бірақ Роскомнадзор одан суицидті насихаттау белгілерін тауыпты. Портал редакторы сайттың бұғатталуының басқа да себептері болуы мүмкін деп есептейді.

Сайт бұғатталған соң, порталды тұтынушылар саны 30 пайызға азайған. "Бұрын біздің жаңалықтарды күнде 100 мың оқыса, қазір 60-70 мың адам кіреді", - деді ол.

Аталған сайт Тәжікстан аумағында да бұғатталған. Жергілікті билік оның себебін түсіндіріп жатпады.

XS
SM
MD
LG