Ссылки доступа

Қырғызстанда жарты жылда 118 мәрте қыз алып қашқан


2019 жылдың алты айында Қырғызстанда қыз алып қашу 118 мәрте тіркелген. Бұл туралы ІІМ қоғамдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Улан Рысбеков хабарлады.

"Жарты жылда қыз алып қашу фактісі бойынша 118 қылмыстық іс қозғалды. Істердің көбісі сотқа берілді", - деді Рысбеков.

ІІМ мәліметі бойынша, алып қашу көбіне ауылда болады.

БҰҰ-ның гендерлік мәселелер бойынша есебіне қарағанда, Қырғызстанда отбасының 20 пайызы алып қашудан құралады.

Жаңа Қылмыстық кодексте алып қашуға жаза қатайтылған. Мұндай қылмыс жасағандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Бұған қоса 200 мың сом айыппұл салынады.

XS
SM
MD
LG