Ссылки доступа

Ташкентте қылмысқа бейім әйелдердің 23 санаты анықталды


Ташкент басшысы Бас ішкі істер басқармасы мен Әйелдер комитеті бірлесіп дайындаған қарарды қабылдады. Құжат әйелдер арасында қылмыстың алдын алуды көздейді.

Қарарда қылмысқа бейім әйелдердің 23 санаты көрсетілген:

* бұған дейін сотталған,

* есірткіге және ішімдікке тәуелді,

* психикалық ауытқулары бар,

* ұзақ уақыттан соң елге оралғандар,

* рухани көмекке зәрулер,

* бала тәрбиесіне кері ықпал ететіндер,

* әдетке жат қылмыс жасағандар,

* қиын отбасынан шыққан әйелдер,

* суицидке бейімдер,

* күйеуімен ажырасуға оқталғандар,

* жұмыссыздар,

* жағдайы жоқтар,

* Ташкентте уақытша тұратындар,

* қайыр сұрайтындар,

* кәмелет жасқа толмағандар (18 жасқа дейін) және жас қыздар (18-30 жас аралығы),

* мүгедек әйелдер,

* ажырасқандар,

* жалғызбасты әйелдер.

XS
SM
MD
LG