Полиция екі күдікті ұсталғанын хабарлады. "Біз тергеу бастадық. Қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Тұрғындардың алаңдамауын сұраймыз" делінген Таиланд үкіметінің ресми мәлімдемесінде.
Полиция мәліметі бойынша, алғашқы жарылыс қала орталығында таңғы сағат 7-де болған, одан кейін жерүсті метро станциясында, үкімет ғимараты ауданында және қала шетіндегі жолда жарылыстар тіркелді.
Бомбалардың бірі Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатқан конгресс-орталыққа жақын маңда жарылған. Биыл саммитке Ұлыбритания, Ресей, Қытай және АҚШ делегациялары қатысып жатыр.