Ссылки доступа

Медведев Түркіменстанға сапарлап барады


Гурбангулы Бердымухамедов, Дмитрий Медведев и собака Алабай

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев тамыз айында жұмыс бабымен Түркіменстанға барады. Бұның алдында елде Гурбангұлы Бердымұхамедов қазасы туралы сыбыс тараған еді.

Медведев Түркіменстанға 11-12 тамызда барады, бірінші Каспий экономикалық форумына қатысады. Сапар барысында ол Түркіменстан басшысы Гурбангұлы Бердымұхамедовпен кездесіп, екі жақсы әріптестік мәселелелерін талқылайды.

Бердымұхамедовтың 5 шілдеден бері көпшілік алдына шықпауы ол турасында түрлі алып-қашпа әңгімелер туғызды. Түркіменстан билігі президенттің 15 тамызға дейін демалыста екендігін бірнеше мәрте хабарлаған. Каспий форумы ол демалыстан шығардан бұрын басталады.

15 шілдеде Түркіменстан мемлекеттік ақпарат құралдары 62 жастағы Бердымұхаммедовтің немерелерімен ойнап жүрген видеосын көрсетті.

21 шілдеде әлеуметтік желілерде мемлекет басшысы 20 шілдеде қайтыс болды деген қауесет тарады. Сол күні түркімен билігі бұл ақпаратты терістесе, елдегі эстрада жұлдыздары көпшілікті жалған мәліметке сенбеуге шақырды.

XS
SM
MD
LG