Ссылки доступа

Тәжікстанда Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады


Тәжікстанда Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты, тағы бір адам жараланды. Қайғылы оқиға жексенбі күні Фахрабад аэроклубында тіркелген.

Оқу ұшағы қонуға 10 метр қалғанда апатқа ұшыраған. Жерге қону сәтінде аппараттың двигателі өшіп алып, АН-2 жерге құлаған.

62 жастағы ұшқыш Ильхом Рахматов пен 20 жастағы Бахтиёр Давлататовты ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер Рахматовтың өмірін аман сақтап қала алмады.

Тәжікстанда ұшақ апатына қатысты тексеру басталды. Төтенше жағдай себептері анықталып жатыр.

Фахрабадтағы аэроклуб 1936 жылы құрылған. Апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағы 1978 жылы жасалған.

XS
SM
MD
LG