Ссылки доступа

АҚШ-тың Техас және Огайо штаттарындағы шабуылдардан ондаған адам қаза тапты


АҚШ президенті Дональд Трамп Техас пен Огайо штаттарында болған шабуыл құрбандарын еске алу үшін Ақ үйдегі туды түсіруді тапсырды.

Екі шабуылдың кесірінен 29 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды.

Чикагодағы саябақта тіркелген атыста жеті адам қаза тапты. Бұл туралы CBS телеарнасы хабарлады. Белгісіз біреу балалар алаңқайы маңында оқ атып, одан соң автокөлікпен қашып кеткен.

Бұдан бірнеше сағат бұрын белгісіз біреу Огайо штатының Дейтон қаласында тоғыз адамды атып өлтірді. Шабуылдан 27 адам жараланған. Полиция шабуылдаушыны атып өлтірген. Полиция мәліметі бойынша, 24 жастағы Коннор Беттстің мұндай әрекетке бару себебі әзірге белгісіз.

Сенбі күні жас жігіт Техас штатының Эль-Пасо қаласындағы Walmart дүкенінде винтовкамен оқ атты. 20 адам қаза тапты, шамамен отыз адам жараланды. 21 жастағы шабуылдаушы полицияға берілген. Бұның алдында ол интернетте манифестін жариялаған.

XS
SM
MD
LG