Ссылки доступа

Түркіменстан басшысын телеарнадан көрсетті


Президент Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов

Президент Гурбангұлы Бердымұхамедовті он күннен бері алғаш рет мемлекеттік телеарнадан көрсетті. Түркімен телеарнасының "Ватан" бағдарлаасының хабарлауынша, Бердымұхамедов демалып жатыр.

Кешкі эфирде көрсетілген репортаж бойынша, түркімен басшысы велосипед теуіп, атпен серуендеген, автоматпен нысана көздеген. Бұған қоса ол спорт автокөлігімен Қарақұм шөлімен жүріп өтіп, "Тозақ оты" деген атпен белгілі Дараваз газ кратеріне дейін барған.

Президентті соңғы рет 24 шілдеде, оның қазасы туралы ақпарат тараған уақытта көрсеткен еді. Бірақ сол кезде көрсетілген кейбір кадрлер биыл 10 мамырда көрсетілген репортаждан алынған еді.

Бұның алдында ресми ақпарат құралдары Түркіменстан басшысы 15 тамызға дейін бір ай демалысқа шыққанын хабарлаған. Мемлекет басшысының ұзақ уақыт көпшілікке шықпауы түрлі қауесеттің таралуына себеп болды.

21 шілдеде әлеуметтік желілерде Бердымұхамедовтың қазасы туралы ақпарат тарады. Сол күні ТАСС агенттігі Ресейдің Түркіменстандағы елшілігіне сілтеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG