Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі балаларды Ирак пен Сириядағы лагерлерден қайтаруды көздейді


Қырғызстан үкіметі Ирак пен Сирияда "босқындар лагерінде тұрып жатқан" қырғыз балаларын елге қайтаруды көздеп отыр.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, вице-премьер-министр Жениш Разаков басқаратын арнайы жұмыс тобы құрылған, олардың мүшелерінің барлығына Иракқа виза ашылған.

"Қырғызстаннан Иракқа чартерлі рейс ұйымдастырылады. Бұған қоса, қырғыз тарапы Иракта виза жүйесін бұзғандар үшін айыппұл төлейді" делінген үкімет мәлімдемесінде.

Қыркүйек айында жұмыс тобы Бағдад қаласына барады. Қазір соған дайындық жүріп жатыр. Сонымен бірге Сириядағы лагерлерде қырғыз азаматтары бар-жоғы анықталады.

Бұл мәселені премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиев жеке бақылауына алғаны хабарланды.

Қырғыз арнайы қызметінің мәліметі бойынша, Сирияда соғыс ошақтарына 800-ге жуық қырғызстандық барған. Олардың 200-ден астамы қаза тапқан. "Ислам мемлекетіне" қосылған қырғыздардың шамамен 140-ы - әйелдер екені хабарланды.

XS
SM
MD
LG