Ссылки доступа

ЕО делегациясы Өзбекстаның "Жаслык" колониясын жапқанын құптады


Еуропалық Одақтың Өзбекстанда жүрген делегациясының басшысы Эдуардс Стипрайс президент Шавкат Мирзияевтің атышулы "Жаслык" колониясын жабу туралы шешімін құптады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұндай шешім Өзбекстан мен ЕО әріптестігін жаңа деңгейге көтереді.

Еске салайық, 2 тамызда Өзбекстан президенті Қарақалпақстанның Қоңырат ауданындағы "Жаслык" кентіндегі №19 колонияны жабу туралы жарлыққа қол қойды.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары да бұл шешімді құптап отыр.

Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша өкілі Стив Свердловтың пікірінше, "бұл мекемені жабу арқылы президент саяси батырлық танытты".

Еске салайық, биыл 29 сәуірде АҚШ-тың халықаралық дін еркіндігі жөніндегі комиссиясы "Жаслык" колониясын жабуға шақырған еді. БҰҰ-ның азаптауға қарсы күрес комитеті 2002 жылы өзбек билігіне аталған колонияны жабу туралы кеңес берген.

XS
SM
MD
LG