Ссылки доступа

БҰҰ: "Ислам мемлекеті-Хоросан" тобын Тәжікстан азаматы басқарады


Архивное фото
Архивное фото

Ауғанстандағы "Ислам мемлекеті-Хоросан" тобын Тәжікстанның 31 жастағы азаматы басқарады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары дайындаған баяндамада айтылған.

Өткен айда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде таныстырылған бұл баяндамада ИМХ тобын Тәжікстан тумасы Сайвали Шафиев басқаратыны, ол Абубакри Муавиа бүркіменшік есіммен белгілі екені айтылған. Ауғанстанның Нангархар провинциясында шоғырланған бұл топтың құраында 200-ден астам содыр бар. БҰҰ сарапшылары Сайвали Шафиев ұйымға жаңа содырларды тартумен де айналысады. Ол тәжікше сөйлейді.

Баяндама авторларының мәліметі бойынша, Ауғанстанда шамамен 100-ден астам содыр - Тәжікстан азаматтары. Олардың көбі "Талибан" қозғалысы сапында соғысып жүр.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының белсенді мүшесі Сайвали ​Шафиев туралы алғаш рет өткен жылы мамырда белгілі болды. Сол кезде Душанбе қалалық соты тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясының 14 мүшесін астанада теракт жасамақшы болды деген айыппен соттаған еді.

XS
SM
MD
LG