Ссылки доступа

Иранда 15 жасқа толмаған мыңнан астам қыз некеге тұрған


Өткен жылы Ирандағы провинциялардың бірінде ғана 15 жасқа толмаған 40-тан астам жас қыз ана атанған.

Хамадан провинциясындағы азаматтық ахуалды тіркеу мекемесінің басшысы Асади Хасанзоданың хабарлауынша, аймақта бала туған аналардың шамамен 2 пайызы - 15 жасқа толмаған қыздар. Иран 1992 жылы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды. Құжатта 18 жасқа дейінгілердің барлығы балалар деп есептеледі.

Иран заңдары бойынша, 15 жасқа толған бозбала некеге тұра алады, ал 13 жасқа толған қызға тұрмысқа шығуға рұқсат етіледі.

Өткен жылы Хамадан провинциясында 15 жасқа толмаған қыздардың қатысуымен 1500 неке тіркелген, солардың 60-ы ажырап кеткен. Занджон провинциясында 14 жасқа толмаған 1400 қыз некелескен, ал Солтүстік Хорасанда 14 жасқа толмаған 1054 қыз тұрмысқа шыққан.

XS
SM
MD
LG