Ссылки доступа

Нұр-Сұлтанда аналар билік тарапынан қысым жасалғанын мәлімдеді


Дүйсенбі, 5 тамызда шамамен отызға жуық ана Нұр-Сұлтан әкімдігінің алдына жиналып, баспана мәселесін шешіп беруін талап етті. Олар "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасына көңілдері толмайтындарын айтып, астана әкімі Алтай Күлгіновпен кездесу сұрады.

Әкімдік алдына жиналғандардың дені "Бақытты отбасы" бағдарламасының шарттарына сай келмейтіндерін айтты. Аналардың бірі қажетті құжаттардың барлығын жинап бергенін, бірақ сонда да "жоқ" деген жауап алғанын мәлімдеген.

Аналарды қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макеновпен кездестірген. Журналистерді бұл жүздесуге қатыстырмады.

Белсенді әйелдердің Азаттық тілшісіне хабарлауынша, кездесу қарсаңында оларға полиция мен әкімшілік қызметкерлері барып, көшеге шыққандардың "жағдайы қиын болатынын" ескерткен. Нұр-Сұлтан полициясы басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев бұны жоққа шығарып отыр.

Әкім орынбасары Бақтияр Макен "көшеде мәселе шешілмейтіндігін" айтып, әкімшілік өкілдері аналарға көшеге шықпауға ескерткенін, бірақ ешкім оларды қорқытпағанын мәлімдеген.

Астанадағы көп балалы әйелдер жоғары лауазымды шенеуніктермен бұған дейін де кездесе алмай қайтқан. Баспана мәселесі мен көп балалы аналардың проблемаларының шешілуін қалағандар президентпен кездестіруді де талап еткен.

Олардың дені - әлеуметтік көмек рәсімдей алмай, баспанаға жете алмай жүрген көп балалы аналар.

XS
SM
MD
LG