Ссылки доступа

Өзбекстанда жылжымайтын мүлікті сүру премьер-министр қарарымен ғана жүзеге асады


Енді Өзбекстанда азаматтар мен кәсіпкерлердің жылжымайтын мүліктері премьер-министрдің шешімімен ғана сүріледі.

Президент "Азаматтар мен кәсіпкерлердің мүлік құқығын қамтамасыз етуге қатысты қосымша шаралар туралы" қаулы қабылдады.

Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, жер телімдерін тартып алу және жылжымайтын мүліктерді сүру үш кезеңмен жүзеге асады:

- сүрілетін аумақ туралы материалдарды облыс басшылары министрлер кеңсесіне өткізеді;

- министрлер кеңсесі қорытынды шығарады;

- қорытынды премьер-министрдің қарауына беріледі, ол шешім қабылдайды.

Бұған қоса республикалық үйлестіру жұмыс тобы құрылып, азаматтар мен кәсіпкерлердің жер телімдерін алу шығындары есептеледі.

2 тамызда өткен жиналыста президент Шавкат Мирзияев үкімет басшысы мен президент аппаратының басшысына Ферғана, Хорезм және Қашқадария облыстарының басшыларын жұмыстан шығару мәселесін қарауды тапсырды.

4 тамызда Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиев, Қашқадария облысының басшысы Зафар Рузиев және Хорезм облысының басшысы Фарход Ерманов азаматтар мен кәсіпкерлердің жылжымайтын мүліктерін заңсыз сүргені үшін халықтан кешірім сұрады.

XS
SM
MD
LG