Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджеттегілер коммуналдық қызмет ақысын төлеген соң ғана айлық алады


Туркменистан (архивное фото)
Туркменистан (архивное фото)

Түркіменстан билігі халыққа коммуналдық қызмет ақысын мәжбүрлеп төлеудің қосымша шараларын қолдана бастады.

Атап айтқанда, мемлекет қызметкерлері айлық алу үшін коммуналдық қызмет ақысы төленгені туралы анықтама өткізуі тиіс.

Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі Лебап облысындағы жағдайды былай баяндады: "Бюджеттегілер жарық, газ және коммуналдық қызмет ақысын төлемейінше, оларға шілде және тамыз айналырының жалақысы төленбейді".

Оның айтуынша, қажетті анықтама алу үшін ұзақ күтуге тура келеді.

"Анықтама алу үшін кем дегенде бір ай кетеді. Мекемелерде кезекте мыңдаған адам тұр. Соған байланысты олар анықтаманы пара беріп алуға мәжбүр", - деп хабарлады тілші.

Бұған дейін Түркіменстанның басқа да аймақтарының тұрғындары осындай қиындыққа тап болғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG