Ссылки доступа

Тәжікстанда Соғды билеушісінің сарайы орналасқан ауданда қазба жұмыстары басталды (видео)


Пенжикентте Соғдының соңғы билеушілерінің бірі - Деваштич сарайы маңында қазба жұмыстары басталды. Тарихшылардың айтуынша, 722 жылы Калаи-муг қамалын араб әскерінің көмегімен алған Хорасан әмірі Саид әл-Хараши Соғды басшысының басын Бағдад халифіне жолдаған.

1300 жыл өткен соң тәжік археологтары Деваштич сарайы маңында қазба жұмыстарын бастады. "Соғды әмірінің сарайы төрт қабаттан тұрған, соның төртінші қабатында Деваштич тағы орналасқан", - деді ежелгі Пенжикент мұражайының директоры Исматулло Рахматуллоев.

Тарихшының айтуынша,Деваштич сарайына жақын маңда зороастризм ғибадатханасы табылған. Деваштич оған күнде баратын болған.

Қазба жұмыстарына Франция және Ресей археологтары да қатысады.

В Пенджикенте начались раскопки в районе дворца Деваштича
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:37 0:00

Қазба жұмыстарын Тәжікстан үкіметі қаржыландырады. Пенджикентке шетел туристері жиі келеді. Олар ежелгі Саразм қалашығын көргісі келеді. Бұл қала 2010 жылы ЮНЕСКО қорғауындағы Дүнежүзі мұралары тізіміне енген. Археологтар Саразм қаласына кем дегенде 5000 жыл болды деп есептейді.

XS
SM
MD
LG