АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің мәлімдемесіне жауап берген қытай дипломаты америкалық саясаткерлерден Гонконгтағы жікшілдермен байланысын тез арада доғаруын талап етті.
Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы, әлемдегі қаржы жетекші қаржы орталықтарының бірі - Гонконг 1997 жылға дейін британ отары болған. Соңғы уақытта мұнда Бейжіңнің ықпалының артуына қарсы халық наразылықтары жиі болып жатыр. Наразылық акциялары полициямен қақтығысқа да ұласты. Гонконг тұрғындары заң бұзғандарды Қытай орталық құқық қорғау органына экстрадициялау туралы заң жобасын қабылдатпай тастады.