Ссылки доступа

Өзбекстанда Турақорған ЖЭС-інің алғашқы газ турбинасы іске қосылды


5 тамызда Наманган облысында Турақорған ЖЭСінің алғашқы газ турбинасы іске қосылды.

“Бірінші құрылғыны іске қосу 2019 жылдың қыркүйегіне жоспарланған, екінші блок биыл қараша айында іске қосылады” делінген энергетика министрлігінің хабарламасында.

Құрылысқа 2400 отандық және шетел жұмысшылары жұмылдырылған. Турақорған ЖЭС-і толық іске қосылған жағдайда, Наманган, Әндіжан және Ферғана облыстарын электр қуатымен толық қамтуға мүмкіндік туады.

Турақорған ЖЭС-інің қуаты - 900 млрд МВт. Жоба құны - 1,2 млрд доллар. Станция Жапонияның Mitsubishi және Mitsubishi Hitachi Power Systems Ltd. консорциумдарының көмегімен салынды.

XS
SM
MD
LG