Ссылки доступа

Дачи-Суға ұшақ құлаған орында жұмыс істеген құтқарушылар телефон ұрлады деген күдікке қалды


Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Дачи-Су ауылына Boeing-747-400F ұшағы құлаған уақытта ұялы телефондарды ұрлаған құтқарушыларға қарсы қылмыстық іс қозғаған.

ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Төтенше жағдайлар министрлігінің алты қызметкеріне 31 шілдеде елден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

Оларға қызмет бабын асыра пайдаланған деген айып тағылған.

Еске салайық, 2017 жылы 16 қаңтарда Boeing-747-400F ұшағы Дачи-СУ ауылына құлады. Апаттан 39 адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG