Ссылки доступа

Рязань түбіндегі жол апатынан Тәжікстан азаматтары қаза тапты


На месте ДТП
На месте ДТП

Ресейдің Рязань облысына қарасты Пичкиряево ауылына жақын маңда 6 тамызда тіркелген жол апатынан Тәжікстанның алты азаматы қаза тапты.

Жол бойындағы бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркелген.

Апат сейсенбі күні таңғы сағат 5.30-да тіркелген. Mercedes шағын автобусы Toyota Land Cruiser Prado автокөлігімен соғысқан. Соның салдарынан Тәжікстанның 6 азаматы қаза тапты. Олардың төртеуі бір отбасының мүшелері екені белгілі болды.

Ресейдегі "Сомони" орталығының мүшелері марқұмдардың мәйіттерін Мәскеуге жеткізу үшін Рязань облысына келген.

XS
SM
MD
LG