Ссылки доступа

Самарқанда алаяқтар тобын әшкерелеуге талпынған блогерге шабуыл жасалды


33 жастағы блогер Отабек Жураев 5 тамызда Самарқанда соққыға жығылды. Ол бұл қалаға алаяқтарға алданған жергілікті тұрғынның арызын тексеруге келген.

Отабек Жураевтың айтуынша, алаяқтарға алданған әйелдің үйінің алдында оны бір ер азамата арматурамен басынан ұрған. Басы жарылған блогер есінен танып қалған.

Отабек Жураев өзіне жасалған шабуылды блогер қызметімен байланыстырып отыр.

"Олар мені қорқытқысы келген. Бұл әйел прокуратура мен милицияға арызданып, 250 миллион сумға (28500 доллар) алданғанын айтқан, бірақ олар істі жауып тастағысы келген. Енді бұл істі менің тексергенімді қаламай отыр. Олар қылмыстың әшкере болғанын қаламайды, өйткені милицияның да аузын байлап қойған", – деді Жураев.

Самарқанд облысы ішкі істер басқармасының қызметкері блогерге жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бірақ құқық қорғау органдары бұл істің мән-жайы туралы толық мәлімет беруден бас тартқан.

Жураев Өзбекстанда адам құқықтары мен еркіндігі бұзылып жатқаны туралы жазып жүрген санаулы блогердің бірі.

XS
SM
MD
LG