Ссылки доступа

Түркіменстан халқы Тәуелсіздік күніне дайындалып жатыр


Подготовка к празднованию Дня независимости
Подготовка к празднованию Дня независимости

Түркіменстанда 27 қыркүйектегі Тәуелсіздік күніне дайындық басталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 6 тамызда астана тұрғындары дайындыққа жиналды.

"Салтанатты шеруге дайындық "Дагдан" стадионында өтіп жатыр. Ыстық күнге қарамастан, тұрғындар бірнеше сағат бойы түрлі жаттығулар жасауға мәжбүр. Тамақ жеуге, су ішуге рұқсат жоқ, әжетханаға да жібермейді. Дайындыққа бюджет қызметкерлерін шығарған. Мұнда банк қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер жүр", - деп хабарлады тілші.

Қазіргі таңда Ашғабадта күндіз ауа температурасы 40 градустан асады.

Бұның алдында мемлекеттік баспасөз Тәуелсіздік күніне дайындық туралы президент жарлығын жариялаған.

Салтанатты мерекеге әскер қызметкерлері де дайындалып жатыр. "Жауынгерлердің дайындығы тамыздың басында басталды. Олардың жаттығулары әскери гарнизонда өтіп жатыр. Әскери бөлімдерден ондаған сарбаз бен офицер жиналған".

Салтанатты шеруге мемлекеттік қызметкерлер мен студенттердің қатысуы міндетті. Ұйымдастырушылар олардың дайындыққа келуін жіті қадағалап отыр.

XS
SM
MD
LG