Ссылки доступа

Өзбекстанда қымбат автокөлік иелері фестиваль кезінде тегін жұмыс істеуге мәжбүр


Самарқанд облысында Malibu-2 және Captiva автокөліктерінің иелері "Шарк тароналари" фестивалі кезінде қонақтарға тегін қызмет көрсетуге тартылды. Фестиваль 23-30 тамыз аралығында өтеді.

Жергілікті тұрғындардың бірі бұған наразылық білдірді. "Бір апта бойы 30 000 доллар тұратын қымбат көлікпен қонақтарға тегін қызмет көрсетуім керек. Маған бұл ұнамайды", - деді ол.

Жергілікті блогерлердің бірі Мирзо Субхоновтың хабарлауынша, 22 шілдеде облыс басшысы "ұйымдар мен заңды тұлғаларға тиесілі қымбат автокөліктерді тегін пайдалану туралы" №07-01/135 қаулы қабылдаған. Блогердің айтуынша, бір апта бойы жергілікті халыққа тиесілі Malibu-2 және Captiva автокөліктерін тегін пайдалану қарастырылған.

"Бірақ фестиваль қонақтарын күтіп алуға ақша бөлінген, тұрғындарды оған мәжбүрлеуге болмайды", - деді блогер.

Дәстүрлі "Шарк тароналари" халықаралық музыка фестивалі Самарқанд қаласында 26-30 тамыз аралығында өтеді. Оның ашылу салтанатына ЮНЕСКО-ның бас директоры Одре Азуле қатысады. Екі жылда бір мәрте ұйымдастырылатын фестиваль 1997 жылы басталған.

XS
SM
MD
LG