Ссылки доступа

Душанбеде мектеп жәрмеңкесі басталды


Тәжікстан астанасының барлық аудандарында мектеп формалары мен оқулықтарының жәрмеңкесі басталды. Онда отандық өнімдер ғана сатылады.

Бір баланы мектепке толық дайындау үшін кем дегенде 450 сомони ($40) қажет, бірақ тұрғындардың қалтасы мұндай соманы көтере бермейді. "Отбасында екі немесе үш оқушыдан барлар мектеп формасына 150-200 доллар жұмсауы керек. Мұншама ақшаны қайдан аламыз?" - деді жәрмеңкеге келушілердің бірі.

6 тамызда Душанбенің барлық аудандарында мектеп формалары мен оқулықтарының жәрмеңкесі басталды.

Ата-аналар бұған алдын ала дайындалады: кейбіреуі жинаған ақшасын жұмсаса, бірқатары банктен несие алады.

2015 жылдан бастап мектеп формаларын жергілікті кәсіпкерлерден сатып алу міндетті. Үш жылдан бері ата-аналар бұған наразы болып келді.

"Нассочи точик" кәсіпорынының директоры Хушмахмад Жомахмадовтың айтуынша, биыл фирма 90 мың мектеп формасын тіккен. Тәжікстанда бұдан басқа мектеп формаларын дайындайтын тағы бірнеше фирма бар.

XS
SM
MD
LG