Ссылки доступа

Пентагон "Ислам мемлекеті" тағы қауіп төндіргенін мәлімдеді


Американские военные в Сирии
Американские военные в Сирии

Пентагон "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы тағы қауіп төндіргенін мәлімдеді. Ирак пен Сирияда жасырынып жүрген содырлар саны 18 мыңға жеткен. Бұл туралы Пентагонның бас инспекторы Гленн Файнның баяндамасында айтылды.

Оның мәліметіне қарағанда, АҚШ-тың аймақтағы күші азаюына байланысты террористер күш ала бастаған. Соның салдарынан "Ислам мемлекетінің" идеологиясы Әл-Хольдағы босқындар лагерьіне де тарай бастаған.

Америка сарбаздарының Сириядан шығарыла бастағанын АҚШ президенті өткен жылы желтоқсанда жариялаған. Дональд Трамп сол кезде содырлар "түпкілікті жеңіліс тапты" деп мәлімдеген еді. Оған келіспеген АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис қызметтен кетті. Содан кейін Пентагондағы шенеуніктер Трампты әскердің бір бөлігін Сирияда қалдыруға көндірген.

XS
SM
MD
LG