Ссылки доступа

Ресейде белгісіз заттан уланған 60-қа жуық өзбекстандық әлі ауруханада жатыр


Ресейдің Самара облысында белгісіз заттан уланған 60-қа жуық өзбекстандық ауруханадан әлі шықпады.

"Өзбекстанның 57 азаматы Самара облысының емдеу мекемелерінде жатыр, 12 адам ауруханадан шықты", - деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Еске салайық, 17 шілдеде Самара облысында Өзбекстанның 69 азаматына "белгісіз заттан уланған" деген диагноз қойылды.

Төтенше жағдай жеміс-жидек сусынын дайындайтын "Кошелевский посад" кәсіпорынында болған. Улану себебі әлі белгісіз.

Өзбекстандықтардың барлығы Ресейде заңды түрде жұмыс істеген. Бұған дейін "Кошелевский посад" фирмасы Өзбекстан азаматтарының емін төлейтінін хабарлаған.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылап отыр.

XS
SM
MD
LG