Ссылки доступа

Ашраф Гани тәліптердің президент сайлауын болдырмау туралы қоқан-лоқысына жауап берді


В Независимой избирательной комиссии Афганистана продолжается подготовка к выборам.

Әлемнің бірқатар елінде тыйым салынған "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанда президент сайлауының өтуіне қарсы шықты.

Тәліптер мемлекет басшысын сайлауды "ақшаны желге шашу" және "қарапайым халықты алдау" деп атаған. Қозғалыс содырлары азаматтарды сайлау жәшіктерінен аулақ жүруге шақырған.

Тәліптер Ауғанстанды "шетел күштері басып алды, елді солар бақылауда ұстап отыр" деп есептейді.

"Талибан" қозғалысы сайлауды ұйымдастыруға қарсы шабуыл жасайтынын ескертті.

Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, ел тұрғындары билікті күшпен басып алғысы келетіндерді қолдамайды. "Сайлау - билікті бейбіт жолмен тапсыру, үкімет саяси науқанды ұйымдастыру мен өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс", - деді комиссияның баспасөз хатшысы Мирзо Мұхаммад Хакпараст.

Елдегі көптеген саяси күштер мен кандидаттар тәліптердің қоқан-лоқысын елемеді. Сайлаудағы үміткерлердің бірі, президент Ашраф Гани ауған халқы тәліптерге тізе бүкпейді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, тәліптер бұған дейін парламент сайлауы қарсаңында да қоқан-лоқы жасаған.

Еске салайық, Ауғанстанда президент сайлауы 28 қыркүйекте өтеді.

XS
SM
MD
LG