Ссылки доступа

Өзбекстан президентінің отбасына тиесілі спорткарға ұқсас автокөлік Ташкентте жол апатына ұшырады (видео)


Әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде үш автокөліктің жол апатына түскені туралы видео тарады. Көпшіліктің назары ақ түсті Nissan GT-R R35 спорткарға түскен. Мұндай автокөлік Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев отбасында бар.

Жол апаты 6 тамызда кешкі сағат 21:15-те Ташкенттің Мустакиллик көшесінде тіркелген. Апаттан ешкім зардап шекпеген.

Куәгерлердің айтуынша, құқық қорғау органының қызметкерлері апат тіркелген орынды жылдам қоршап, артынша жолды тазалап қойған.

Құны 115 мың доллардан басталатын Nissan GT-R R35 спорткарын Ташкент көшелерінен сирек көруге болады.

Бұның алдында президент Мирзияев отбасының интернетте тараған суретінде дәл осындай спорткар тұрған. Суретте мемлекет басшысының күйеу баласы Отабев Умаров та бар еді. Ол қазір президент қауіпсіздігі қызметінің басшысы қызметін атқарып жүр. Бұл суретке оның ұлы мен Мирзияевтің ұлы да түскен.

Ташкентте жол апатына ұшыраған спорткардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жол апатынан соң үш адам, оның екеуі құқық қорғау органының қызметкері, ауруханаға түскен.

Өзбекстан аумағында бұғатталған тәуелсіз Eltuz.com сайтының мәліметі бойынша, апатқа ұшыраған Nissan GT-R R35 спорткары Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Умаровқа тиесілі.

Еске салайық, өткен айда Отабек Умаров Tesla автокөлігімен жылдамдықты арттырып жібергені үшін көпшіліктен кешірім сұраған еді.

XS
SM
MD
LG