Ссылки доступа

АҚШ жанжалдасушы тараптарды Кашмир мәселесінде сабырлы болуға шақырды


АҚШ 7 тамызда даулы Кашмир аймағы үшін таласып отырған Үндістан мен Пәкістанды сабырға шақырды.

"Біз Үндістан мен Пәкістанның Кашмир және басқа да түйткіл мәселелер бойынша тікелей диалог жүргізгенін қалаймыз", - деді АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы. Қысқаша мәлімдеме АҚШ мемлкеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарушы Элис Уэллстің Пәкістанға бес күндік сапары қарсаңында жаряланды.

Ол Ауғанстан бойынша бейбіт келіссөздер жүргізеді. Пәкістан билігі Кашмир төңірегіндегі даулы мәселені де қозғауы мүмкін. Исламабадтағы кездесулерін аяқтаған Уэллс Үндістан мен Шри-Ланкаға барады.

Бұл уақытта Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Кашмирдің Үндістан басқаруындағы бөлігін автономия мәртебесінен айырып, бірнеше штатқа бөлу туралы Нью-Дели шешімін болдырмау үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.

Имран Хан бұл мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына ұсынып, Халықаралық қылмыстық сотқа арыздануды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG