Ссылки доступа

Түркіменстанда коммуналдық қызмет ақысын төлемегендерге құжат берілмейді


Мары
Мары

Түркіменстанда тұрғындар мемлекеттік мекемелер сұратқан түрлі құжаттар мен анықтамалар жинауға мәжбүр.

Азаттық радиосы түркімен қызметінің хабарлауынша, қалалық әкімшілік қызметкерлері анықтама және құжат жасатуға келген азаматтардан коммуналдық қызмет ақысы төленгені туралы квитанция сұрайды.

"Бүгін таңертең сағат 8:50-де Мары қаласындағы АХАЖ ғимараты алдында 14 адам жиналды, мекеме сағат 9-да ашылған уақытта мұнда жиырма шақты адам кезекте тұрды. Мекеме неке туралы куәлік, туу туралы куәлік және кісі қазасы туралы куәлік береді. Мекеме қызметкері кезекте тұрғандарға пәтерақы, газ, жарық және су ақысын төлемегендерге анықтама берілмейтінін ескертті", - деп хабарлады тілші.

Түркіменстан билігі коммуналдық қызмет ақысын төлемегендерді анықтау үшін түрлі әрекеттерге барып отыр. Бұның алдында Лебап және Мары уәлаяттарында бюджет қызметкерлеріне коммуналдық ақы төлемегендерге жалақы берілмейтіні хабарланған.

XS
SM
MD
LG