Ссылки доступа

Тәжікстанда "Иегова куәгерлерін" "діни араздық" үшін соттап жатыр


"Иегова куәгерлері" ағымының 68 жастағы мүшесі Шамиль Хакимовқа нәсілшілдік, ұлттық немесе діни араздық туғызды деген айып тағылған. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Хакимовқа қарсы қозғалған іс бойынша сот 20 тамызда жалғасады.

Forum 18 адам құқығын қорғау ұйымының хабарлауынша, Худжанд қаласындағы сот Шамиль Хакимов ісін қарауды кейінге қалдырды - оның адвокаты орыс тіліне аудармашы беруін сұраған.

Шамиль Хакимов биыл ақпан айында тыйым салынған діни әдебиет таратты және экстремистік сипаттағы фото және видеоматриалдар сақтады деген айыппен ұсталды. Ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Forum 18 мәліметі бойынша, іс материалдарында тәжік тіліне аударылған Библия да жүр. Кітапты Institute for Bible Translation фирмасы аударған. Сараптама жүргізген мамандар кітап ресми ханафа мазхабына қайшы деп танып, оның таратылуы тәжік қоғамында діни араздық туғызуы мүмкін деген қорытынды жасаған.

Билік "Иегова куәгерлеріне" заң көмегін көрсетуден бас тартқан.

Шамиль Хакимов Соғды прокуратурасына Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қысым көрсеткені туралы арызданған, біраз шағым қараусыз қалған. Бұған дейін Соғды облысының билігі "Иегова куәгерлерін" тергеу кезінде азаптаған дегенді жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG