Ссылки доступа

Пәкістан үкіметі Үндістандағы дипломаттарын елге қайтарды


Пәкістан Делидегі елшісін кері қайтарып, елдегі үнді дипломаттарының барлығын елден шығарады. Үкіметтің шұғыл жиналысында осындай шешім қабылданды. Бұған Үндістанның Джамму және Кашмирдің штат мәртебесінен айыруы себеп болған.

Down басылымының Пәкістан СІМ басшысы Мехмуд Курешиге сілтеме жасап хабарлауынша, Исламабад Үндістанмен дипломатиялық қарым-қатынасы деңгейін төмендетуді көздейді. Бұған қоса Үндістан мен Пәкістанның бұған дейін қабылданған екіжақты келісімдері қайта қаралады. Үндістанның Джамму және Кашмирге қатысты әрекеті БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде талқыланады.

Бұл уақытта, Үндістан мен Пәкістанның қарулы күштері шекара аймағында қақтығысып қалды. Бұл туралы The Economic Times үнді әскеріндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

5 шілдеде Нью-Дели Каширдің Үндістан жағының автономиялық мәртебесін айыру туралы шешім шығарды. Конституциядан алып тасталған 370-бап үнділерге Кашмирге тұрақты тұруға, жер сатып алуға, жерлікті билік органдарында жұмыс істеуге және білім стипендиясын алуға тыйым салатын.

Аймақ парламент пен тудан айрылады, бұған қоса екіге бөлінеді. Сонымен бірге Үндістанның басқа да аймағындағы тұрғындар Кашмирден жылжымайтын мүлік сатып ала алады.

Үндістан осындай шешім қабылдаған уақытта Джамму мен Кашмир штатында жарық сөндірілген, қозғалыс шектелген, аймаққа мыңдаған әскер қызметкері кіргізілген.

Үндістанның солтүстік-батысында орналасқан Джамму мен Кашмир штаты 1947 жылға дейін махараджа Хари Сингх басқаруындағы патшалық болды. Британиялық Үндістан бөлінген тұста Джамму мен Кашмир де екіге жарылды: оның бір бөлігі Пәкістанға қараса, екіншісі Үндістанға өтті. Бұл өңірде осы уақытқа дейін ресми шекара жоқ. Көрші елдер осы аймақ үшін үш мәрте әскери қақтығысты басынан өткерді.

XS
SM
MD
LG