Ссылки доступа

Өзбекстан Қырғызстанмен шекарадағы жағдайды бақылап отыр


Өзбекстанның шекара қызметі Қырғызстанмен шекарадағы жағдайды бақылап, көрші елдегі әріптестерімен шұғыл ақпарат алмасып отыр.

Шекара қызметі өкілінің хабарлауынша, шекарадан тыс аймақта қалыптасқан төтенше жағдайдан бөлек, шекара бекеттерінде техникалық қозғалыстың көбеюіне байланысты қызмет күшейтілген.

7 тамызда түнде Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевтың Шу облысындағы Кой-Таш ауылында орналасқан үйіне шабуылдады. Бірнеше сағатқа созылған операция барысында Атамбаев жақтастары мен арнайы жасақ қақтығысып қалды.

8 тамызда қайта жалғасқан арнайы операция кезінде Атамбаев ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізілді.

XS
SM
MD
LG