Ссылки доступа

Бішкекте милиция Атамбаев жақтастарын гранаталармен тарқатты


Бішкекте 8 Тамызда түнде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ондаған жақтастарын милиция шулы дыбыс шығаратын және көзден жас ағызатын гранаталармен тарқатты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, митингке қатысушылар милиция мен журналистерге тас лақтырған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері орталық алаңдағы наразы топты жақын маңдағы көшелерге қуып тықты. Бұның алдында Атамбаев мерзімсіз митинг жариялаған еді.

8 тамызда милиция елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Бішкекке жақын маңдағы Кой-Таш ауылындағы үйінде ұстады. Атамбаев келіссөздерден соң өзі берілген.

Бұрынғы президент қылмыс әлемінің дөкейінің түрмеден 2013 жылы мерзімінен бұрын босатылуына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде шақыртқан. Бұның алдында Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырып, оған қарсы жемқорлық жайында қылмыстық іс қозғады. 8 тамызда парламенттің кезектен тыс отырысында қазіргі президент Сооронбай Жээнбеков Атамбаев аса ауыр қылмысқа күдікті атанғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG