Ссылки доступа

Өзбекстанда апаттар жанрында алғашқы фильм түсірілді (видео)


"Өзбеккино" ұлттық агенттігі мемлекеттік тапсырыспен "101 рейс" фильмін аяқтады. Отандық фильм 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте болған апатқа арналған.

Бұл фильм Өзбекстанда апаттар жанрында түсірілген алғашқы туынды атанды.

Оқиға 2001 жылы 11 қыркүйекте Ташкенттен Нью-Йоркке ұшып шыққан ұшақ бортында өрбиді. Продюсер Равшан Норбоевтың хабарлауынша, фильм Өзбекстанда жыл соңында үлкен экрандарда көрсетіледі. Фильм өмірде болған оқиға желісімен түсірілген.

"Естеріңізде болса, 2001 жылы террористік шабуылдардан соң Солтүстік Американың әуе кеңістігі уақытша жабылды. "Узбекистон хаво йуллари"​ әуе компаниясының Боинг-767 ұшағы қиындықтарға тап болды. Оның бортында 180 жолаушы болды. Фильм қиындықты шеше білген өзбек ұшқышы туралы әңгімелейді", - деді Равшан Норбоев.

Сол кезде өзбек ұшағына Нью-Йоркте қонуға тыйым салынған. Кері ұшқан ұшақтың жанармайы таусылып, бір двигателі істен шыққан.

Өзбек ұшқышы Зарходжа Саидазимовтың рөлін танымал актер Хашим Арсланов сомдайды.

XS
SM
MD
LG