Ссылки доступа

Бішкек: Саясаткер Бабанов елде жауапқа тартылады


Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті экс-премьер Омурбек Бабановтың Қырғызстанға оралу туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Арнайы қызметтің мәлімдеуінше, Бабанов елге келген жағдайда, заң аясында жауапқа тартылады. "ҰҚМК Омурбек Бабановқа байланысы бар екі қылмыстық істі тергеп жатыр" деді арнайы қызмет.

2019 жылы сәуірде саясаткер Қырғызстанға оралғалы жатқаны туралы хабарлаған. Бірақ ол Мәскеу әуежайында видеоүндеу жариялап, елде оның келуіне байланысты өтетін митингке саясаткерге арандатушылық жасауы мүмкін екенін айтты. Сол себепті ол жақтастарын акцияға шықпауға шақырды.

Әлеуметтік желілерде Омурбек Бабанов жұма күні түстен кейін Қырғызстанға келетіні туралы ақпарат тарады. Оның жақтастары саясаткерді әуежайда күтіп алуды көздеп отыр.

Бабановқа байланысты қылмыстық істер 2017 жылы президент сайлауынан соң қозғалды. Сайлауда ол екінші орын алған еді. Одан соң Бабанов Ресейге кетіп қалды.

XS
SM
MD
LG