Ссылки доступа

WSJ: Конгресс Ресей мен Трамп келісімі туралы мәлімет алды


Дональд Трамп
Дональд Трамп

Бірнеше ірі банк АҚШ Конгресіне "Трамп пен оның отбасы мүшелерімен, компанияларымен іс жүргізуі мүмкін ресейліктер" туралы мәлімет берді. Бұл туралы The Wall Street Journal дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметі бойынша, Конгреске Bank of America, Citigroup, Deutsche Bank, JPMorgan, Morgan Stanley және Wells Fargo банкі мәлімет берген.

Бұған дейін Трамп өзінің банк есептері мен салық жазбаларының жария болуын шектеу үшін сотқа бірнеше арыз өткізген.

Мамыр айында Нью-Йорк штатының сенаты президенттің салық туралы мәліметтерін АҚШ Конгресіне беру туралы заң қабылдады.

Сәуір айында Өкілдер палатасының екі комитеті банктерден Дональд Трамп қаржысы туралы ақпарат сұратты.

Наурызда Нью-Йорк бас прокуратурасы ​Deutsche Bank пен Investors Bank компанияларынан президенттің Trump Organization компаниясының төрт ірі келісімі туралы мәлімет сұрады. Прокуратура бұл сұратуларды Трамптың мүлкі мен оның Нью-Йорктегі іскерлік қатынасын тергеу үшін жасаған.

XS
SM
MD
LG