Ссылки доступа

Өзбекстан, Қытай және Тәжікстан жаңа көлік дәлізін іске қосады


Өзбекстан, Қытай және Тәжікстан "Термез - Душанбе - Қашғар" бағытында жаңа көлік дәлізін іске қосуды жоспарлады.

Жақында алты жүк көлігінен тұратын автокеруін осы бағытпен жүріп өтті. Жаңа көлік дәлізінің жалпы ұзындығы - 1422 шақырым. Бұл туралы Өзбекстанның көлік министрлігі хабарлады.

Мақсат - Қытай мен Орталық Азия елдері арасында жүк тасымалын арттыру. Бұл бағыттың тағы бір маңызы - Ауғанстанға жүк тасымалдайтын жаңа жолдың ашылуы. Қазір Сұрқандарияда Termez Cargo кеден терминалы орнатылған логистикалық орталық жұмыс істеп тұр. Сол арқылы Ауғанстанның солтүстік провинцияларына жүк тасымалданып жатыр.

Өзбек-Қытай бірлескен Silk Road International кәсіпорыны өткен жылы қыркүйекте "Ташкент – Әндіжан – Ош – Иркештам – Қашғар" бағытын қолға алған еді.

Еске салайық, наурыз айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев "жол картасын" бекіткен. Құжатта "Өзбекстан - Тәжікстан - Қытай" бағытында жүк тасымалын ұйымдастыру қарастырылған.

XS
SM
MD
LG