Ссылки доступа

Самарқанда науқастың туыстары дәрігерді соққыға жыққан


Самарқанд облысы Кушрабад аудандық ауруханасының 24 жастағы дәрігері Отабек Сирлибоев науқастың туыстарынан соққы жеген.

Оқиға 7 тамызда аурухана аумағында болған. Соққыға ұшыраған дәрігер ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

"Екі ер азамат туысын травматология бөліміне алып келді. Мен оларға науқасты палатаға жеткізуге көмектестім. Сол кезде екі жігіттің бірі "дәрігерлер - чмо" деді. Мен оған дәрігерлерді балағаттамауын сұрап, олар науқастарға көмектесетінін айттым. Бірақ ол мені боқтай бастады. Мен артқа қараған сәтте, ол менің бетімнен ұрды. Екеуі жабылды. Қазір басым жарылып, ауруханада жатырмын", - деді дәрігер.

Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

"Бұл оқиғаға үш күн болды, бірақ милиция әлі келген жоқ. Қазір мені соққыға жыққандар бостандықта жүр. Дәрігерлерді бізде тіпті сыйламайды. Ал милиция бізді қорғамайды. Енді кімге шағымданарымызды білмейміз", - деді дәрігер.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2017-2018 жылдары елде 300-ге жуық медицина қызметкері науқастардың туыстарынан соққы жеген.

XS
SM
MD
LG