Ссылки доступа

Тәжік жастары CAFA чемпионатындағы алғашқы жеңісін тойлады


Тәжікстан құрамасы Орталық Азия футбол қауымдастығының (CAFA) Душанбеде өтіп жатқан жастар чемпионатында Түркіменстан командасын 5:1 есебімен жеңді.

Тәжікстан футбол федерациясының хабарлауынша, есепті ойынның 16-минутында Түркіменстан құрамасы ашқан. Алаң иелері оған бес голмен жауап берген.

Екінші турдағы тағы бір ойында Өзбекстан жастары 2:0 есебімен Ауғанстан құрамасын ұтып жатқан, бірақ жеңісті уыстан шығарып алды - 2:2.

Чемпионаттың алғашқы турында Иран Өзбекстанды 2:0 есебімен жеңсе, Ауғанстан мен Түркіменстан жастары 2:2 есебімен тең түскен.

CAFA жастар чемпионатына Тәжікстан, Ауғанстан, Иран, Түркіменстан және Өзбекстан командалары қатысып жатыр. Чемпионат аясында он матч ойналады, олардың барлығы Душанбенің Орталық стадионында өтеді.

XS
SM
MD
LG