Ссылки доступа

Түркіменстан президенті ел алдына шығып, Ресейден лимузин сатып алды


Түркіменстанда 12 тамызда Каспий экономикалық форумы басталды. Онда соңғы айлардан бері көзден таса болған, әлеуметтік желілерде "денсаулығы күрт нашарлады" делінген Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов халық алдына шықты.

Форумға Ресей, Әзербайжан, Қазақстан және Иран елдерінің жоғары лауазымды тұлғалары қатысып жатыр. Мәскеу мен Тегеран америкалық санкциялар аясындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылап жатыр.

Әзірге айтарлықтай келісім-шарт – Түркіменстан президенті ресейлік "Аурус" лимузиндерін сатып алуға шешім қабылдады. Бұл көліктерді жасап шығару үшін Ресей соңғы жеті жылда бюджеттен 200 миллион доллар бөлген.

"Аурус" көлігі былтыр бірінші рет Владимир Путиннің инаугурациясында қолданылды. Кейін әрқайсысын 280 мың доллардан сатуға шығарды. Форум кезінде Гурбангулы Бердімұхамедов лимузиннің ақ түсін әрі көліктің бағасын да ұнатқанын мәлімдеді.

"Аурус" көлігімен негізінде ресейлік шенеуніктер жүреді.

XS
SM
MD
LG