Ссылки доступа

Тәжікстанда азаптау үшін жазаны күшейту ұсынылды


Тәжікстан әділет министрлігі Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу жобасын дайындады. Онда азаптау әдісін қолданғандарға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тәжікстанның қолданыстағы заңдарында азаптау бойынша айыппұл салу және екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұдан бөлек жауапты қызметтерде үш жылға дейін жұмыс істеуге тыйым салынған. Физикалық тұрғыдан қинау ғана емес, психологиялық қысым да қылмыс болып есептеледі.

Әділет министрлігі ұсынған өзгертулерге сәйкес, азаптау бабы бойынша айыппұл салынбайды, кінәлілер 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Екінші рет қылмыс жасағандарды 12 жылға дейін соттау қарастырылған.

XS
SM
MD
LG