Ссылки доступа

Түрмеде экс-президент Атамбаевтың жақтастарына телефон соққан күдікті анықталды


Түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушы Қырғызстанның Социал демократиялық партия (ҚСДП) лидерлеріне, депутатам мен мемлекеттік қызметкерлерге және президент аппаратының өкілдеріне қоңырау шалған. Бұл жөнінде Қырғызстанның ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұған дейін алаяқтық үшін сотталушы, 1987 жылы туған Темир Калмырзаев камералас Талғат Игисиновтің телефоны арқылы парламент депутаты Әсел Кодурановаға телефон соғып, бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевпен кездесу ұйымдастырып беретінін айтқан.

Бұдан бөлек ол өзге депутаттарға, көлік министрінің орынбасарына, Бішкек әкімдігінің жауапты қызметкеріне, өзге де жоғары лауазымды қызметкерлерге қоңырау шалған.

Бұл оқиғаға қатысты сотқа дейін тергеу басталған.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев коррупция бабы бойынша күдікті ретінде қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG