Ссылки доступа

Кеден қызметі қырғыз-өзбек шекарасында жабылып қалған өткізу бекеттерін қайта ашуды ұсынды


Қырғызстанның мемлекеттік кеден қызметі Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жабылып қалған өткізу бекеттерін қайта ашуды ұсынды.

Кеден қызметін дамыту стратегиясында екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру үшін қосымша өткізу бекеттері қажеттігі айтылған.

Мемлекеттік кеден қызметінің баспасөз хатшысы Гүлмира Борубаеваның хабарлауынша, қазіргі таңда Қырғызстан мен Өзбекстан арасында 15 өткізу бекетінің сегізі ғана жұмыс істеп тұр.

"Қалғандарын Өзбекстан жағы жауып тастады. Екі ел үкіметтері оларды қайта ашу туралы шешім қабылдаса, өткізу бекеттері қайта жұмыс істейді", - деді Борубаева.

Шекарадағы өткізу бекеттерінің дені 2005 жылы Қырғызстандағы оқиғаға байланысты жабылған еді.

XS
SM
MD
LG