Ссылки доступа

Самарқанда жанармай құю станциясы өртенді (видео)


Самарқанда 12 тамызда жанармай құю станциясы өртенді. Бұл туралы Өзбекстанның өрт қауіпсіздігі мемлекеттік қызметі хабарлады.

Мекеменің ресми ақпаратына сәйкес, өрт "Автогаз-Инвест" кәсіпорны аймағында орналасқан жанармай құю станциясында сағат 17:27 шамасында басталған.

Өрт қауіпсіздік қызметі жалын 20 минөт ішінде сөндірілді деп мәлімдеді.

"Өрттен қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Екі газ және бір бензоколонка, 200 шаршы метр шатыр және оператордың ішкі жабдықтары өртеніп кетті»,- делінген мекеме мәліметінде.

Алдын ала болжамға сәйкес, өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған.

XS
SM
MD
LG