Ссылки доступа

Иран билігі қамауға алынған журналистің қайда екенін айтпай отыр


Журналистерді қорғау комитеті Иран билігін фотожурналист Нушин Джафариді тез арада босатуды талап етті. Ол 3 тамызда ұсталған.

«Иран билігінің журналисті белгісіз жерде еш себепсіз ұстап отыруы ашу туғызады», – деп мәлімдеді Журналистерді қорғау комитетінің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша бағдарлама үйлестірушісі Шериф Мансур.

Нушин Джафариді 3 тамызда Тегерандағы үйінің жанында ұстап, белгісіз бағытқа алып кеткен. Сол күні оның үйіне тексеру жүргізіліп, жұмыс заттарын тәркілеген.

Журналистен қазір еш хабар жоқ.

«Сөз еркіндігі жөніндегі бүкіләлемдік индекс» көрсеткіші бойынша, 2019 жылы Иран 180 елдің ішінде 170-орынға түскен.

XS
SM
MD
LG