Екі күн бұрын Vox ресурсы АҚШ-тың Ресейдегі елшісі болуы мүмкін деп екі адамды атаған. Оның біреуі осы Биегун болған.
Өткен аптада ақпарат құралдары АҚШ-тың Ресейдегі қазіргі елшісі Джон Хантсманның президент Трампқа 3 қазаннан бастап қызметінен кететіні жөніндегі жазған хатын жариялаған.
56 жастағы Стивен Биегун Мичиган университетінде саяси ғылымдарды және орыс тілін меңгерген. 90-жылдардың басында ол Мәскеудегі халықаралық республикалық институт өкілдігінің басшысы болған. Кіші Джордж Буша тұсында ол Ақ үйде сыртқы саясат жөніндегі кеңесші қызметін атқарған.
Қазір Америка-Ресей қарым-қатынасы өте күрделі жағдайды бастап кешіріп отыр. Джон Хантсман хатында америкалық дипломаттардың қиын жағдайдай жұмыс істеп жатқанын жазған. Стивен Биегун болса ақпан айында өткен Америка-Солтүстік Корея саммитін ұйымдастыруда басты рөл атқарған адам ретінде белгілі.