Ссылки доступа

Ташкенттегі қоныс колониясынан бір адам қашып кетті


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Ташкенттегі №51 қоныс колониясынан 43 жастағы жазасын өтеуші Олимжон Абдуллаев шамамен бір ай бұрын қашып кеткен.

Өзбекстан ІІМ Жазаны орындау бас басқармасы қызметкерінің айтуынша, жазасын өтеуші Олимжон Абдуллаев Ташкенттің Яшнабад ауданындағы №51 қоныс колониясынан тамыз айының басында қашып кеткен, оған іздеу жарияланған. Шенеуніктің сөзінше, ол "қасақана кісі өлтіру" айыбымен жиырма жылға сотталған.

"15 жыл түрмеден соң оны қоныс колониясына ауыстырған. Бостандыққа шығу үшін тағы бес жыл қалған. Дегенмен ол қажет адамдармен сөз байласып, төлқұжатын алып, қоныс-колониясынан қашып кеткен", - деді есімін атаудан бас тартқан шенеунік.

Олимжон Абдуллаев түзеу мекемесінде темір желімдеуші болып істеген. Оның қашып кетуіне мәжбүрлі еңбек себеп болуы мүмкін.

"Колония басшыларының бірі Олимжонға ай сайын 100 доллардан беріп тұруға мәжбүрлеген. Ол жақсы маман еді, темір қақпалар жасайтын. Бірақ оның көзі ауыра бастады. Содан кейін ол қашуға оқталды. Оның төзімі таусылды", - деді жазасын өтеушілердің бірі.

Оның айтуынша, колониядағылардың барлығының төлқұжатын алып қояды, бірақ қашып кеткен жазасын өтеушінің төлқұжаты өзінде болған.

XS
SM
MD
LG