Ссылки доступа

Тәжікстан ІІМ: "Қожа командир" Дубайда ұсталды


Тәжік құқық қорғау органдары Дубайда "Қожа командир" лақап атымен белгілі Қожа Каримов ұсталды. Ол азаматтық соғыс кезінде Халық майданының бұрынғы дала командирі болған.

Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы Умаржон Эмомалидің хабарлауынша, қазір Каримовты Тәжікстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Бұрынғы командирді тәжік тарапының сұрауымен Интерпол ұстаған.

Каримов Тәжікстаннан 13 жыл бұрын қашып кеткен, 2000 жылы оны халықаралық іздеуге берген, оның ісі Интерполға тапсырылған. Ресми мәлімет бойынша, Каримовқа 1992-1997 жылдар аралығында жасалған бірнеше ауыр қылмыстар бойынша айыптар тағылған.

2005 жылы 20 қыркүйекте қозғалған қылмыстық істе Каримов кісі өлтіру, тонау, кісіні кепілге алу және басқа да қылмыстар үшін айыпталғаны айтылған.

Тәжікстаннан қашып кеткенге дейін Қожа Каримов Қорғаныс министрлігінің арнайы бригадасын басқарған, Тәжікстан футбол федерациясының төрағасы болған.

XS
SM
MD
LG