Ссылки доступа

Атамбаевтың баласы билік диктатурасына қарсылық көрсетуге шақырды


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың баласы Қадырбек Атамбаев Facebook парақшасында бейнеүндеу жариялап, онда оппозициялық күштерді билік диктатурасына заңмен қарсылық көрсетуге шақырды.

7-8 тамызда болған оқиғаларды Атамбаевтың баласы "оппозициялық күштерді жою әрекеті" деп бағалады. Оның пікірінше, бұрынғы президент ұсталған соң "билік жолындағы соңғы қамал құлады".

"Бірақ бұл әрқайсымызды қашан келіп әкетеді екен деп қол қусырып отыру керек дегенді білдірмейді. Барлық оппозициялық күштер мемлекеттің болашағы сынға түскенін түсінуі керек. Біз билік диктатурасына қуатты қарсылық көрсетуіміз керек. Келесі сайлауда күш ала бастаған диктатураға қарсы құрылған коалиция партиясы - оппозиция коалициясы жеңіске жеткенде ғана жағдайды өзгерте аламыз", - деді Қадырбек Атамбаев.

7-8 тамызда Кой-Таш ауылында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты күшпен ұстау операциясы жүргізілді. Ұсталған Атамбаевқа бірнеше айып тағылды. Ол 26 тамызға дейін тергеу абақтысында отырады.

XS
SM
MD
LG